Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Краснодарда стадионды «миналаған» әйел ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 08 сәуір. Краснодар өлкесіндегі ФҚҚБ қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірге Краснодардағы стадионды «миналау» туралы жалған ақпарат хабарлаған әйелді анықтады. Ол ұсталып, қылмыстық іс қозғалды, деп РФ ФҚҚ-нің аймақтық департаментіне сілтеме жасап ТАСС жазады.

Краснодар өлкесіндегі Ресей Федерациясының ФҚҚБ-ның жедел уәкілдері полициямен бірлесіп, әлеуметтік инфрақұрылым объектісіне қатысты лаңкестік әрекет туралы қасақана жалған хабарлама жасаған Краснодар тұрғынының заңсыз әрекеттерін анықтады және тоқтатты.

«Ұялы телефонды пайдалана отырып қаскүнем Краснодардағы стадиондардың бірінде лаңкестік  әрекет жасалуы мүмкін деп хабарлады. Жергілікті тұрғын ұсталды», — деп хабарлады мекеме өкілі.

Болған оқиға бойынша Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 207-бабы 2-бөлігі («Лаңкестік әрекет туралы көрінеу жалған хабар беру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *