Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Маңғыстаулық полицейлер жеңіл көлікпен есірткі тасыған төрт адамды ұстады

АҚТАУ, 09 сәуір. Күдіктілер 2 сәуір күні жүргізілген жедел құрықтау операциясы кезінде қолға түскен, деп хабарлайды 24.kz.

«Тойота» маркалы машина салонын тінту кезінде 4 келі марихуана табылып, тәркіленді. Әлгі адамдар аса ірі көлемдегі есірткі затын сақтап, облыс көлемінде жеткізумен шұғылданған жергілікті тұрғындар болып шықты. Осылайша, аймаққа марихуана тасымалдау каналының жолы кесілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

«Сотқа дейінгі тергеу амалдары күдіктілердің қолына есірткі затының қандай жолмен түскенін анықтау бойынша жүріп жатыр. Белгілісі, олар пайда көру мақсатында есірткі затын сақтап, оларды тасымалдаумен айналысқан. Күдіктілерге сот шешімімен 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін», — деп облыстық ПД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Әмір Досқалиев мәлімдеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *