Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркістан облысының полицейлері есірткі сатқан тұрғынды ұстады

ТҮРКІСТАН, 09 сәуір. Түркістан облысының полицейлері есірткі сатқан тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына Төлеби ауданының тұрғыны шағымданып, танысының есірткі сатып жүргенін хабарлаған. Сөйтіп оны әшкерелеуге көмектесетінін жеткізген.

Төлеби ауданының полицейлері бұл деректі ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабымен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) тіркеді. ​​​​​​​​

Түркістан облысы ПД ЕҚҚІҚБ-ның және Түлкібас АПБ қызметкерлері бірлесіп күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Полиция қызметкерлері ауыл тұрғынына газетке оралған төрт дана өсімдік тектес есірткі типтес затты 6 мың теңгеге сатқан күдіктіні ұстады. Сараптама оның кептірілген марихуана екенін растады. Салмағы 14 граммнан асты. ​​Есірткі сатушының жеке-басы анықталып, ол қасақана есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдап, оларды сату арқылы өткізгені белгілі болып, өзінің іс-әрекетімен ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабында көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны белгілі болды. Түркістан облысының полицейлері азаматтарды заң аясында тыйым салынған заттарды қолданбауға шақырады. Оны қолдану, сақтау, сатудың соңы қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатынын ұмытпаңыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *