Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Тәжікстанда терроризмді насихаттаған екі сайт бұғатталды

НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір. Тәжікстан «террористік-экстремистік ұйымдарға қызмет көрсеткен» Akhbor.com сайтын  бұғаттады, деп  Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып ТаджикТА хабарлайды.

«Тәжікстанның Бас прокуроры Тәжікстан Республикасының Жоғарғы Сотына www.akhbor.com немесе «Akhbor.com » (« AAkhbor.com) және «нахзат.ру»  («nnahzat.ru)» интернет-сайттарын бұғаттау және  аудиожазбаларды, бейнероликтерді, газеттерді, әдебиеттер мен үнпарақтарды елге әкелуге және таратуға тыйым салу туралы жазбаша өтініш жасады», — делінген Жоғарғы Соттың баспасөз орталығында.

Өтініш конституциялық құрылыстың негізін, Тәжікстан Республикасының мемлекеттік қауіпсіздігін, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, террористік және экстремистік әрекеттің алдын-алу мақсатында ұсынылды.

Тәжікстан Республикасы Бас прокурорының мәлімдемесі Жоғарғы Сотта қаралды және Жоғарғы Соттың 2020 жылғы 18 ақпандағы шешімімен қанағаттандырылды.

Жоғарғы Соттың шешімі негізінде «Ислам жаңғыру партиясы», «Тәжікстанның Ұлттық Альянсы» және басқа  «террористік және экстремистік ұйымдарға қызмет көрсететін  www.akhbor.com және nahzat.ru интернет-сайттары бұғатталды,  Тәжікстан Республикасының аумағына аудиожазбаларды, бейнероликтерді, газеттерді, әдебиет пен үнпарақтарды әкелуге және таратуға тыйым салынған».

Жоғарғы Соттың шешімі 2020 жылдың 19 наурызында күшіне енді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *