НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір. ФҚҚБ-ның Қырым және Севастополь бойынша тергеу бөлімі экстремизмге шақырған Керчь тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ТАСС мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
«Ресей Федерациясының Қырым Республикасындағы және Севастополь қаласындағы ФҚҚБ Интернетті қолдана отырып, экстремистік әрекеттерге шақыру жасады деген күдікпен Ресей Федерациясының азаматының іс-әрекетін тоқтатты. 1965 жылы туған Керч қаласының тұрғыны экстремистік әрекетке шақыратын бейнеролик дайындап, оны YouTube видео хостингіне орналастырғаны анықталды», — делінген хабарламада.
Ер адамның үстінен Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 280-і бабының 2-бөлігі («Экстремистік әрекеттерге жария түрде шақыру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Бұл баптың санкциялары 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді», — делінген хабарламада.