Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жамбыл облысының тұрғынынан 20 келіден астам марихуана тәркіленді

ҚЫЗЫЛОРДА, 14 сәуір. Қызылордалық полицейлер аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған Жамбыл облысының тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

36 жастағы жігіттің көлігінен 21 келіден астам марихуана мен 1 келіден көп гашиш табылды.

Бұл қылмыс 10 сәуір күні белгілі болды. ҚР ІІМ және Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен өткен бірлескен жедел-профилактикалық іс-шаралары кезінде “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” тас жолының бойында Арал ауданының Шижаға елдімекені тұсында автокөлік тоқтатылды.

Көлікті тексеру кезінде артқы жүк салғыштағы бензин багынан бірнеше пластик бөтелкелер шықты. 2 литрлік 8 дана, 1 литрлік 26 дана, 1,5 литрлік 1 дана ыдыстарға есірткі типтес жасыл түсті, иісті заттар салынған.

Сараптама қорытындысы олардың кептірілген марихуана мен гашиш екенін анықтады.

Көлік иесі Арал ауданындағы полиция бөлімінің уақытша ұстау изолияторына қамауға алынды. Қазір оның үстінен ҚР ҚК 297-бабы, 3-бөлігінің 3-тармағымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *