Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мәскеу облысының екі тұрғыны қарасора өсіру зертханасын ұйымдастырған

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір. Мәскеу облысы бойынша Ресей ІІМ-нің Бас басқармасының Есірткі айналымын бақылау басқармасының қызметкерлері Ленинск  ауданы бойынша Ресей ІІМБ-ның әріптестерімен бірлесіп «Гром» арнайы мақсаттағы жасағының күшімен жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 33 және 34 жастағы екі ер адамды құрықтады, деп mvdmedia.ru хабарлайды.

Алынған жедел ақпаратты тексеру кезінде зиянкестер Жабкино ауылында арнайы жалға алынған үйде құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсіру үшін зертхана ұйымдастырғаны анықталды. Жылыжай құру үшін олар жылу шамдарын, желдеткіштерді, тыңайтқыштар мен арнайы жабдықтарды сатып алды.

Үйді тінту кезінде полиция қызметкерлері жылыжайда тамыр жүйесі бар 56 түп өсімдіктерді тауып алып, тәркілеген. Химиялық зерттеу нәтижелері тәркіленген зат құрамында есірткі бар өсімдік – қарасора екенін көрсетті.

Аталған факті бойынша ІІМБ Тергеу департаментінің тергеушісі Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 231 бабы  («Есірткі немесе психотроптық заттар немесе олардың прекурсорлары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру»)  бойынша қылмыстық іс қозғады.

Күдіктіге ешқайда кетпеу және тиісті тәртіп туралы қолхат ретінде бұлтартпау шарасы таңдалған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *