НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір. Хомс провинциясының Тадмор қаласында ДАТШ лаңкестері аймақтан кетер алдында орнатқан минаның жарылуы кезінде екі ағайынды бауырлар мерт болды, үшіншісі жарақат алды, деп хабарлайды САНА агенттігі .
Тадмор қаласындағы Ұлттық аурухананың директоры Валид Аода САНА агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында 6 және 7 жастағы екі ағайынды бауырлар, тұратын үйлерінің жанында ойнап жүрген кездерінде, жарылған минаның бөліктерінен алған жарақаттардан қайтыс болғанын айтты. Жарақат алған 3 жастағы інісі Хомс қаласындағы «Аль-Басель» ауруханасына жатқызылды.