НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір. Иокогама қаласының кеден қызметтері ел тарихындағы ең ірі контрабандалық кокаин партиясын қолға түсірді, деп Kyodo агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
Агенттіктің хабарлауынша, есірткі портта тұрған кемеден табылған.
Кокаин банандар салынған қораптардың бірінде жасырылған. Экипаж тыйым салынған заттарды тасымалдауға қатыстылығын жоққа шығарады. Кеменің Иокогамаға нақты қай жерден келгені туралы ақпарат жоқ, — деп жазады басылым.
Мамандардың бағалауы бойынша, партия бағасы қара нарықта шамамен 14 млрд иенді (130 млн доллар) құрайды. Жапон полициясы жүкті тасымалдауға ірі халықаралық контрабандашылар тобы қатысты деп болжайды. Сондай-ақ, жүк Жапонияға жеткізуге арналмағаны, ал зиянкестер оны тапсырыс берушіге жеткізу пунктінде бере алмағаны болжанады.