НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір. Нигерияның орталық бөлігіндегі Плато штатында орын алған шабуыл нәтижесінде кемінде тоғыз адам қаза тапты. Бұл туралы Нигерия армиясына сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.
Содырлар Хурра елді мекенге шабуыл жасап тоғыз адамды өлтірді. Әскердің мәліметінше, сонымен қатар шабуылдаушылар 33 үйді өртеген. Қауіпсіздік күштері содырларды іздеуде.
«Қауіпсіз айлақ» арнайы күштері операциясының баспасөз-хатшысы майор Ибрахим Шитту бұл оқиғаны қайғылы деп атады.
Зардап шеккен елді мекеннің басшысы Сандей Абду штатта бітпей болып жатқан өлтірулерді айыптап, қауіпсіздік күштерін шабуылдардың алдын-алу үшін күш салуға шақырды.