НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір. Бүгін Филиппиннің оңтүстігіндегі Сулу провинциясында үкіметтік күштер мен «Абу Сайяф» экстремистік тобының содырлары арасында қақтығыс болып, салдарынан 11 әскери қызметкер қаза тауып, тағы 14-і жарақат алды. Бұл туралы филиппиндік әскерге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады .
Батыс Минданао аймағындағы әскери қолбасшылықтың өкілі бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00 шамасында Сулу провинциясының батыс аумағында үкімет әскері мен «Абу Сайяф» тобының 40 содыры арасында атыс болды деп мәлімдеді . Ұрыс шамамен бір сағатқа созылды, содан кейін содырлар кері айдалып тасталды.
Әскери өкіл атыс нәтижесінде содырлар тарапынан да шығындар болғанын атап өтті, бірақ қаза болғандар мен жараланғандардың нақты санын хабарлаған жоқ.