НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір. Орталық резервтің полиция күштерінің (әскерилендірілген полиция құрылымы) үш жауынгері сенбі күні Үндістанның солтүстігінде содырлардың патрульге шабуыл жасауы кезінде қаза тапты. Бұл туралы NDTV телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
Оның айтуынша, лаңкестердің шабуылы Барамулла округінде Джамму мен Кашмир одақтас аумағында орын алған. Әзірге осы аймақта әрекет еткен топтардың ешқайсысы бұл шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.
Шабуыл болған аймақ қоршауға алынды, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жергілікті жерді бақылауда.