НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір. Пермьде героин сатты деп айыпталған ерлі-зайыплар мен олардың досы сотқа тартылады, деп облыстық прокуратураға сілтеме жасап REGNUM хабарлады.
Тергеу мәліметінше, қаскүнемдер Пермь қаласына Ростов облысынан есірткі таратумен айналысу үшін келген. Қылмыстық топ героинді өлшеп буып салу үшін пәтер жалдады. Кейін олар түйіншектерді қала бойынша жасырған.
2019 жылдың мамыр-шілде айларының аралығында топ 30 жасырын орын ұымдастырған. Жедел іс-шаралар кезінде полиция қызметкерлері 240 грамм героин тәркіледі. Есірткі сатушылар 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.