Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстанда көлік жарылысынан 6 адам зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір. Сейсенбі күні Ауғанстанның шығысындағы Хост провинцияның әкімшілік орталығында провинция губернаторының көлігіне бағытталған  бомба қойылған көлік жарылып, алты адам зардап шекті. Бұл туралы провинциясы үкіметінің өкілі Талиб Мангалға сілтеме жасап Синьхуа ақпараттық агенттігі хабарлады .

Оның айтуынша, жарылыс жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00 шамасында, губернатор жұмыс орнына бара жатқан кезде болған.

«Алты адам, оның ішінде губернатордың екі оққағары және төрт бейбіт тұрғын жарақат алды, губернатордың өзі де аман қалды», — деді ол.

Шенеунік оқиғаны тергеу амалдарының басталғанын хабарлады.

Хост провинциясының кейбір аудандарында  және көрші Пактия мен Пактика провинцияларында белсенді әрекет ететін   «Талибан» қозғалысының  (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) содырлары  әзірге бұл ақпаратқа  түсініктеме берген жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *