НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір. Израиль әскери қызметшілері Вифлеем маңындағы сарбаздарға «Молотов коктейлін» лақтырмақ болған палестиналыққа оқ жаудырды, деп хабарлайды РИА Новости әскери баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Біраз уақыт бұрын Израиль қорғаныс армиясының әскери қызметшілері Вифлеем маңында лаңкестік шабуылдын жолын кесті. Әскери қызметшілер әскер бекетіне «Молотов коктейлін» лақтырмақ болған бірнеше күдіктілерді байқап, күдіктілердің біріне оқ атқан», — деп хабарлады баспасөз қызметі.
«Күдікті жарақат алды, оқиға орнында көмек алып, әрі қарай емделу үшін ауруханаға жеткізілді» делінген.