НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір. Жақында Мозамбиктің қорғаныс және қауіпсіздік күштері елдің солтүстігіндегі Кабу-Делгаду провинциясындағы ауылдардың бірінде экстремистік тобының содырлары 52 адамның өлтірілгенін растады. Бұл туралы «Нотисиаш» газетіне сілтеме жасап Синьхуа ақпарат агенттігі хабарлады .
Қорғаныс және қауіпсіздік күштері ресми өкілінің сөзіне сілтеме жасалған мәліметтер бойынша, оқиға сәуір айының бірінші аптасында орын алған. Содырлар ауыл жастарын өз тобының қатарына тартуға тырысқан Бейбіт тұрғындардың бас тартуынан кейін қанды қырғын басталды.
Өкілдің айтуынша, қорғаныс және қауіпсіздік күштері бұл жаппай қырғынды үзілді-кесілді айыптап, аймақтағы қоғамдық тәртіпті пен қауіпсіздікті қалпына келтіруге бел буғандықтарын растап, барлық мүдделі тараптарды экстремистерге қарсы күресте бірігуге шақырды.