НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір. Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі осы аймақтағы оқу орындарының біріне қарулы шабуыл дайындап жатқан 2001 жылы туған Түмен облысының тұрғынын ұстады. Оның патрондары бар тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, 2 аңшы пышағы, аммиак селитрасы, байланыс құралдары, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды жасау бойынша интернет-нұсқаулық алынды,деп хабарлайды РФ ФҚҚ баспасөз қызметі.
Ресейдің Түмен облысы бойынша Тергеу комитетінің тергеу басқармасы оған қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 30-бабы 1-бөлігі, 105-бабы 2-бөлігінің «а», «е» тармақтары (екі және одан да көп адамды жалпы қауіпті тәсілмен өлтіруге дайындау) бойынша қылмыстық іс қозғады . Заңсыз әрекет жасау ниеті ұсталған адам мен куәгерлердің айғақтарымен расталады.
Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде.