Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркістанда деструктивті діни ағымды насихаттаған тұрғын жазаланды

ТҮРКІСТАН, 22 сәіур.Түркістан облыстық ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге деструктивті ағымның аудиожазбасын тарату дерегін анықтады. Жедел іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары осы аудиожазбаларды таратып жүрген тұрғынды тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірдің полиция қызметкерлері аталған материалдарды таратып-жеткізуші күдіктіні анықтап, Жетісай полиция бөліміне жеткізді. Тергеу барысында оның деструктивті-діни ағымды ұстанушы ретінде есепте тұратыны анықталды.

Жауап алу кезінде ол өзінің теріс әрекетін толық мойындап, аталмыш аудиожазба деректерін полицейлердің алдында өшіріп тастады. Себебі, бұл дәрістерге Ақтөбе облыстық сотының қаулысымен 2019 жылы тыйым салынғаны белгілі болды.

«Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл материалдардың ҚР заңнамасына қайшы келетіні анықталған. Аудиожазба елдегі Конституциялық құрылымды күштеп өзгертіп, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған. Сондай-ақ, соғысты және араздықты насихаттайтыны айқындалған. Сот шешімімен ер адам ҚР ӘҚБтК 453-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды» делінген хабарламада.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *