НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір. сәрсенбі күні «Аль-Каида» содырлары Йеменнің оңтүстігіндегі Абьян провинциясына шабуыл жасап, бір қауіпсіздік қызметкерін өлтіріп, екіншісін ұрлап әкетті. Бұл туралы жергілікті әкімшіліктегі анонимді дереккөзге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.
Оның айтуынша, «Аль-Каида» (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) тобының, шамамен сегіз содыры Абьян провинциясының солтүстік-шығысындағы Лоудар аймағындағы бақылау пунктіне шабуыл жасады».
Шабуыл нәтижесінде қауіпсіздік күштерінің жаңа шақырылған қызметкердің қаза тапқанын, басқа қауіпсіздік қызметкерінің ұрланып, белгісіз жерге әкетілгенін дереккөз растады.
Оқиға туралы егжей-тегжейлер жария етілген жоқ.