НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір. Терроризмді қаржыландырғаны үшін айыпталған Дағыстанның тұрғыны Әли Әлиомаровқа қарсы қылмыстық істі тергеу аяқталды. Іс материалдары Оңтүстік аудандық әскери соттың қарауына жіберілді, деп Ресейдің Тергеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.
Тергеу болжамы бойынша, 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап 2017 жылдың тамыз айына дейін Әлиомаров Ханты-Мансы автономиялық округінің тұрғынына оның өтініші бойынша 318 мыңнан астам рубль аударған. Сонымен қатар, айыпталушы оның Сирия аумағында «Ислам мемлекеті» (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым) лаңкестік ұйымының қызметіне қатысатынын білген.
«Әлиомаров аталған ұйымның лаңкестік әрекетіне оны қаржыландыру арқылы жәрдемдесуге тікелей ниет білдірген», — деп тергеу комитетінде мәлімдеген.
Дағыстан бойынша Ішкі істер министрлігінің тергеу органдары Ханты-Мансы автономиялық округінің тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғады. Оған лаңкестік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін айып тағылған.