НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір. Киншасадан алынған мәліметтерге сәйкес, Конго Демократиялық Республикасының (КДР) оңтүстік-батысында экстремистердің шабуылынан 14 адам қаза тапты, тағы сегізі жарақатталды. Бұл туралы ел полициясына сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.
Полицияның хабарлауынша, «Бунду диа Конго» экстремистік діни сектасының содырлары Орталық Конго провинциясындағы шенеуніктер мен тұрғылықты емес адамдардың үйлеріне шабуыл жасаған. Қауіпсіздік күштері содырлармен екі сағаттық атыс жүргізді.
Соңғы апталарда осы аймақта бірнеше осындай оқиғалар орын алды. Осылайша, наурыз айының басында елідің солтүстік-шығысындағы Итури провинциясының ауылына содырлардың шабуылы кезінде 24 адамның қаза болғаны хабарланған.