НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір. Сәрсенбі күні таңертең Кабулдағы әскери нысан жанында болған жарылыстан кем дегенде үш адам қаза тапты. Бұл туралы TOLOnews телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлады .
Қайтыс болғандардың барлығы бейбіт тұрғындар екендігі айтылған. Тағы сегіз адам жарақат алды.
Әскери қолбасшылық бұл оқиға үшін жауапкершілікті «Талибан» (ҚР тыйым салынған ұйым) радикалды тобына жүктеді.
«Талибан» қасиетті Рамазан айында да Ауғанстандағы мұсылмандарды өлтіруге барады », — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта үш адамның қаза тапқаны және 15-інің жараланғаны туралы хабарланады.
Оқиға Кабулдан 11 шақырым жерде орналасқан Чарасьяб ауданында болған. Мекеме өкілінің айтуынша, жанкешті бейбіт тұрғындардың арасында болған кезде жарылғыш затты жарып жіберген. Жанкешті-лаңкестің нысанасы Риш-Хор аймағындағы арнайы күштер базасы болған деген болжам бар.
Орын алған оқиғаға жауапкершілікті елде әрекет ететін ешқандай лаңкестік топ өз мойнына алған жоқ.