Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Германияда «Хезболла» қозғалысына тыйым салынды

НҰР-СУЛТАН, 30 сәуір. Бейсенбі күні Германияның ішкі істер министрі Хорст Зеехофер ливандық «Хезболла» қозғалысының қызметіне тыйым салды, деп мекеме өкілі Стив Альтерге сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.

«Федералды министр Зеехофер бүгін Германияда «Хезболла» (Құдай партиясы) шиит лаңкестік ұйымының қызметіне тыйым салды . Таңертең бірнеше аймақта полицейлер іс-шаралар өткізеді. Тіпті дағдарыс кезінде де құқықтық мемлекет әрекетке қабілетті», — деп жазды Альтер Twitter-де.

Өткен жылдың желтоқсанында бундестаг федералды үкіметті Германиядағы «Хезболла» ливандық қозғалысының қызметіне тыйым салуға шақырды. Депутаттар Германияда қозғалыстың мыңға жуық жақтаушысы бар екенін және содырлар ел аумағын паналау орны мен логистикалық орталық ретінде пайдаланылатынын атап өтті. Сондай-ақ, саясаткерлер үкіметті ливандық қозғалыстың саяси және әскерилендірілген қанаты арасындағы шектеу жүргізуді тоқтатуға шақырды.

Сонымен қатар, депутаттар үкіметтің халықаралық серіктестермен бірге Таяу Шығыстағы «әсіресе Сириядағы» «Хезболланың» ықпалын азайту үшін шаралар қолдануын талап етті. Бұл ретте олар қозғалыстың өзіне емес, оның қызметіне ғана тыйым салуды сұрады,  өйткені «Германияда «Хезболла» қоғамдық-ұйымдық  құрылымдарының болуы» анықталмаған (заңды тұлға ретінде қозғалыс жоқ).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *