НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір. Екатеринбург қаласында жойылған үш содыр Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» (ИМ) террористік ұйымының жақтаушылары болған. Бұл туралы Ұлттық антитеррорлық комитеттің (ҰАК) ақпараттық орталығына сілтеме жасап ТАСС хабарлады .
«ҰАК-тың жедел штабындағы мәліметтерге сәйкес, олар ДАИШ халықаралық лаңкестік ұйымының жақтаушылары болған (бұрынғы атауы ИМ, Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) және лаңкестік бағыттағы резонанстық қылмыстарды жасауға дайындалып жатқан», — деді ҰАК.
Лаңкестікке қарсы операция Екатеринбург қаласының маңында бейсенбіге қараған түні өткізілді. Бұл лаңкестік әрекетке қатысы бар жасырылған адамдар тобының орналасқан жері туралы ақпаратты алғаннан кейін басталды.Содырлар Екатеринбургтің Чкалов ауданындағы жеке үйде қоршауға алынды. Көрші үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.
«Содырларға қарсылықсыз берілу ұсынылды, бірақ олар оқ жаудырды. Ресей ФҚҚ арнайы күштерімен олар бейтараптандырылды. Атыс орнында қолдануға дайын қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, қару-жарақ және оқ-дәрі табылды «, — деп хабарлады ҰАК.
Бейбіт тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ және құқық қорғаушылар арасында шығындар болған жоқ. ҰАК мәлімдегендей, Ресей Федерациясының ФҚҚ Екатеринбургте лаңкестік шабуылдардың алды алынды.