НҰР-СҰЛТАН, 02 мамыр. «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының содырлары жұма күні Ирактың шығысындағы Дияла провинциясына екі шабуыл жасады, салдарынан бір полиция қызметкері қаза тауып, үшеуі жарақат алды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жергілікті полиция өкіліне сілтеме жасап хабарлады .
Оның айтуынша, 1 мамыр күні содырлар Дияла провинциясының әкімшілік орталығы Баакуба қаласындағы бақылау-өткізу пунктіне шабуыл жасаған, салдарынан бір полиция қызметкері қаза тауып, біреуі жарақат алған. Сол қаладағы басқа бақылау бекетіне шабуыл кезінде екі полиция қызметкері ауыр жарақат алды.
2017 жылдың желтоқсанында Ирак «Ислам мемлекетің» жеңді деп жариялаған , бірақ елде әлі анда-санда шабуыл жасайтын экстремистер қалып отыр.