НҰР-СҰЛТАН, 03 мамыр. 2019 жылы Украинаның Мемлекеттік шекара қызметінің (МШҚ) қызметкерлері 3 тоннадан астам есірткі затын анықтады, деп мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM хабарлады.
«12 ай ішінде Мемлекеттік шекара қызметкерлері үш тоннадан астам есірткі заттарын, 5 мыңнан астам психотроптық таблеткаларды және 11 кг астам құрамында есірткі бар дәрі — дәрмектерді анықтады», — делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінде рекордтық есірткі партиясы туралы айтты, бұл Украинадан Германияға жіберілген фанерада жасырылған 374 килограмм героин болған.
Мемлекеттік шекара қызметі есірткінің 45% — ын қызметтік иттер табатынын атап өтті.