Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Джабхат ан-Нусра» содырларының шабуылы салдарынан кем дегенде тоғыз сириялық полиция қызметкері қаза болды

НҰР-СҰЛТАН, 04 мамыр. Иорданиямен шектесетін Мзейриб аймағында лаңкестер тобының шабуылы салдарынан кемінде тоғыз сириялық полицей қаза тапты. Бұл туралы SANA агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды .

Содырлар полиция бөлімшесіне шабуыл жасады.

Мзейриб Сирияның оңтүстігінде Дераа провинциялық орталығынан батысқа қарай (Дамасктан 110 км) орналасқан. « Джебхат ан-Нусра» экстремистік тобының лаңкестері   бұл аудандарды 2018 жылдың жазында тастап кетті, олардың бандаларының қалдықтары елдің солтүстігіндегі Идлиб провинциясына жеткізілген. Алайда өткен жылы содырлар бірнеше қарулы шабуыл жасады.

Осылайша, 27 шілдеде Сирия билігі іздеу жариялаған лаңкес  Млиха ауылында белдігіне байланған жарылғыш заттарды жарып жіберіп, бірнеше әскери қызметкерді жарақаттаған. Бұл оқиға Сирия әскерлері лаңкестікке қарсы операция аясында содырлардың баспаналарына шабуыл жасаған кезде орын алды. 17 шілдеде Эль-Ядуда елді мекенінің жанында әскери патрульдің жүру жолында бомба жарылды. Ол кезде алты әскери қызметкер қаза тауып, 15 адам жарақат алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *