НҰР-СҰЛТАН, 04 мамыр. Ирактың «Хашед-аш-Шааби» жасақтары Салах эд-Дин провинциясының шығысында «Ислам мемлекеті» (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) лаңкестік тобының шабуылына тойтарыс беріп, төрт содырын жойды , деп РИА Новости хабарлайды.
«Бүгін кешке Салах -эд-Диннің шығысындағы Аль-Эйс ауданында 21-ші «Хашед аш-Шааби» бригадасының күштері шабуылға тойтарыс берді және ИМ лаңкестерін (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) қашуға мәжбүр етті» делінген хабарламада.
Жасақтар «жексенбі күні Салах эд-Диннің шығысындағы бригаданың позициясына шабуыл жасамақ болған ИМ-нің төрт лаңкесін жойды» делінген.
Сенбі күні Ирактың қауіпсіздік қызметінің ресми өкілі ИМ лаңкестерінің Салах эд-Дин провинциясындағы 35-ші шиит жасақ тобының бекінісіне шабуыл жасағанын хабарлады, оның барысында «Хашед аш-Шаабидің» 9 сарбазы қаза болды.