НҰР-СҰЛТАН, 06 мамыр. Сәрсенбі күні Үндістанның бақылауындағы Кашмир бөлігінде үкіметтік күштермен атыс кезінде бір содыр жойылды. Бұл туралы полицияға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады .
Атыс Сринагардан оңтүстікке қарай 25 км жерде орналасқан Пулвам округінің Пампора жанындағы Шаршали-Хрев аймағында болды.
Ресми тұлғалардың айтуынша, үкімет күштері тарапынан ешқандай шығын болмады.
Бұл аймақта атыстар жиі болып тұрады.
Естеріңізге сала кетейік, 5 мамырда Үндістанның қауіпсіздік қызметі органдарының 3 қызметкері қаза тауып, тағы бірнеше адам жараланған. Атыс кезінде бір содыр жойылды.