НҰР-СҰЛТАН, 08 мамыр. Ауған әскерлері сәрсенбі күні кешке елдің оңтүстігіндегі Кандагарды көрші Урузған провинциясымен байланыстыратын жолдағы талибтер тобын шабуылын тойтарды.Нәтижесінде кем дегенде 15 содыр өлтірілді. Бұл туралы әскер мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып Синьхуа агенттігі жазады.
Мәлімдемеге сәйкес, сәрсенбі күні кешкісін содырлар тобы Кандагар мен Урузган провинцияларын байланыстыратын жолдағы әскери қарауылға шабуыл жасауды ұйғарған, алайда әскерлер оларға алдын ала соққы берді. Осы қақтығыс кезінде 15 содыр жойылды.
Сондай-ақ әскерилер содырлардан қару мен оқ-дәрілерді, соның ішінде гранатомет пен АК-47 автоматын да басып алды. Қауіпсіздік күштері қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ, делінген мәлімдемеде.
«Талибан» қозғалысы (ҚР-да тыйым салынған ұйым) әзірге бұл ақпаратқа түсініктеме берген жоқ.