Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Симферопольде нацистік экстремистік ұйымның мүшесі ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр. Симферополь полициясы Ресейде тыйым салынған, жергілікті экстремистік нацистік ұяшықтың 38 жастағы мүшесін ұстады, деп жазады Білім беру ортасы мен Интернет желісіндегі экстремизм мен  терроризмге  қарсы ақпараттық әрекет ету ұлттық орталығы.

Қырым Республикасындағы ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталған адамның үйін тінту кезінде атыс қаруының құрамдас бөліктері табылған, фашистік Германияның көптеген белгілері — Үшінші Рейхтің туы мен елтаңбасы, фашистік шеврондар мен жолақтар, Гитлердің портреттері,  Ресей мен Қазақстанда тыйым салынған «Майн кампф» кітабы,  свастика суреттері тәркіленді.

Ұсталған адамға қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 222-бабы 4 бөлігі «Азаматтық тегіс ұңғылы ұзын ұңғылы атыс қаруын, шектеулі атыс қаруын, газды қаруды, суық қаруды, оның ішінде лақтыратын қаруды заңсыз өткізу» негізінде қылмыстық іс қозғалды. Осы баптың санкциясы ең жоғары жазаны — екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *