НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр. Полиция Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясында тыйым салынған заттарды заңсыз тасымалдаудың жолын кесіп, 32,78 кг есірткі заттары бар төрт күдіктіні қолға түсірді, деп Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.
21 сәуірде хабарламалар алғаннан кейін, Қытайдың осы шекаралас провинциясының Чжэнсюнь округінің полициясы жедел тергеу үшін арнайы жұмыс тобын жіберді. Нәтижесінде жалпы салмағы 32,78 кг болатын героин мен метамфетамин тәркіленді.
Төрт күдікті қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізілуде. Юньнань есірткі бизнесіне қарсы күресте Қытайдың негізгі шебі болып табылады, өйткені бұл аймақ есірткі бизнесінің «алтын үшбұрышына» кіретін Лаос, Мьянма және Таиландпен шектеседі.