НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр. Ауғанстанның Нангархар провинциясында полиция қызметкерін жерлеу кезінде жарылыс болып, кемінде он адам қаза тапты. Бұл туралы 12 мамырда ауғандық Ariana News телеарнасына сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.
Жергілікті полицияның хабарлауынша, жарылғыш зат жерлеу рәсіміне қатысушылармен бірге жүрген содырдың денесінде болған. Ол жарылғыш затты іске қосып, қайтыс болды. Елде әрекет ететін топтардың ешқайсысы әлі де өздерін лаңкестік шабуылға қатысы бар деп мәлімдеген жоқ.
Провинциясы әкімшілігінің өкілі Аталла Хогьяни жарылыс салдарынан кем дегенде 40 адам қаза тапқан немесе жараланған деп мәлімдеді, бірақ ол нақты мәлімет берген жоқ. Арна он адам қайтыс болды және он адам жараланды деп хабарлайды.