НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр. Нигерия армиясы елдің солтүстік-шығысындағы Борно штатында бірнеше әскери операциялар кезінде «Боко Харам» экстремистік тобының тұтқынында болған кем дегенде 72 адамды құтқарды, деп жасырын болып қалуды қалаған әскери дереккөзге сілтеме жасап Синхуа ақпарат агенттігі жазады.
Оның айтуынша, ұрланған адамдар, олардың ішінде көбінесе әйелдер мен балалар болған, әскердің 4 мамыр күні Борно штатындағы «Боко Харам» лагерлерінде басталған рейдтердің нәтижесінде босатылды .
«Боко Харамның» кемінде 18 мүшесі өлтірілді, көбісі оқ тиген жарақаттарымен қашып кетті », — деді дереккөз.Сонымен қатар, әскерилер қару-жарақ, оқ-дәрілер, материалдық-техникалық құрал-жабдықтар мен басқа да құрал-саймандардың үлкен жасырын қоймасын тауып, лаңкестердің жақтаушыларың тұтқынға алған.