ҚОСТАНАЙ, 16 мамыр. Мессенджер топтарында деструктивті ағымның идеологиясын насихаттағаны үшін Қостанай қаласының тұрғынына айыппұл салынды, деп Қостанай облысының Дін істері басқармасының Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап kazislam.kz хабарлайды.
Қостанай тұрғыны «WhatsApp» және «Telegram» мессенджерлерінде бірнеше топ құрып, діни мазмұндағы материалдарды жариялаған. Діни сараптама көрсеткендей, әлеуметтік желідегі топтарға орналастырылған құжаттар мен аудио дәрістердің мазмұны жеке діни ағымның негіздері мен ғибадатқа, басқа да моральдық-этикалық мәселелерге қатысты.
Сот оны «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағын бұзғаны үшін кінәлі деп танып, оған 130 000 теңгеден астам айыппұл салды.