Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Пәкістанның шығысында қақтығыс кезінде ИМ-нің төрт содыры жойылды

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр. Пәкістан полициясының терроризмге қарсы басқармасы жексенбі күні таңертең елдің шығыстағы Пенджаб провинциясының Бахавалпур аймағында «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының төрт лаңкесінің жойылғанын хабарлады, деп жазады Синьхуа агенттігі .

Басқарма өкілінің айтуынша, барлау ақпаратына сүйене отырып, қауіпсіздік қызмет қызметкерлері жексенбіге қараған түні Азам-Чоук маңындағы орманда операция өткізген. Атыс кезінде кемінде төрт лаңкес өлтірілді, олардың үш сыбайластары қашып үлгерді.

«Қаза тапқандардың төртеуі де Пәкістан азаматтары және «Ислам мемлекеті» (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) ұйымында әрекет еткен. Содырлар жақын күндері ғибадат орындарына шабуыл жасауды жоспарлаған», —  деді өкіл.

Полиция сонымен бірге автоматты мылтықтар, мыңдаған атыс оқ-дәрілер, қол гранаталары мен басқа да қару-жарақтарды тәркіледі.

Қашып үлгерген содырларды ұстау бойынша операция жалғасуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *