Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматы облысының тәртіп сақшылары ірі көлемде есірткі партиясын тәркіледі

ТАЛДЫҚОРҒАН, 18 мамыр. Алматы облысы ПД қызметкерлері ірі көлемде есірткі заттарын сақтады деген күдікпен ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Арнайы іс-шара барысында бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 45 жастағы қала тұрғыны қолға түсті. Оның мекен жайына санкцияланған тінту жүргізу кезінде үш жарым грамм марихуана тәркіленді. Одан әрі оның гаражын тексеру барысында ішіне тоғыз келіге жуық гашиш салынған полиэтилен пакеті табылды.

Күдіктінің мекен жайынан табылған есірткі заттарының барлығы тәркіленіп, іс материалдарына айғақзат ретінде тіркелді. Тергеу барысында тиісті сараптамалар тағайындалды, – деді облыстық Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Қазбек Мухамедов.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2,4- тармағына сәйкес (аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *