Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Тәжік-ауған шекарасында болған қақтығыста жеті әскери қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр. Өткен түнде «Талибан» содырлары Тәжікстанмен шекарада орналасқан Тахар провинциясының Янги-Қала ауданында үкімет күштерінің бекеттеріне шабуыл жасады, деп аймақ губернаторының баспасөз хатшысына сілтеме жасап ТаджикТА хабарлайды.

«Жергілікті «хезиши мардуми» өзін-өзі қорғау отрядының жеті сарбазы өлтірілді, тағы екеуі жарақат алды», — деп БАҚ баспасөз өкілі Мухаммад Джавад Хижри хабарлады.

Қақтығыс таңғы сағат 5-ке дейін созылды. Оқиға орнына қосымша қауіпсіздік күштері келіп жеткеннен кейін «Талибан» содырлары (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) аймақтан кетті.

Содырлар да шығынға ұшырады, ақпарат анықталануда.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ауғанстанның Газни провинциясындағы Ұлттық қауіпсіздік басқармасының  жергілікті бөлімшесінің ғимаратының жанында жарылғыш заттың жарылуы салдарынан жеті әскеридің қаза тапқаны және қырықтан астам адамның жараланғаны туралы хабарланған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *