НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр. «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының екі аймақтық басшысы «Сирия демократиялық күштері» мен АҚШ бастаған халықаралық лаңкестікке қарсы коалицияның бірлескен операциясында өлтірілді. Бұл туралы жұма күні АҚШ басқаратын елдер тобы Ирак пен Сирияда жүргізіп жатқан «Непоколебимая решимость» операция штабының мәлімдемесінде жарияланған, деп хабарлайды ТАСС .
«17 мамырда «Сирияның демократиялық күштері» коалициямен бірлесе Сирияның Дейр-эз-Зор провинциясындағы Ислам мемлекетінің (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) позицияларына шабуыл жасады. «Ислам мемлекетінің» екі басшысы — Ахмад Иса Исмаил әз-Зави және Ахмад Абд Мухаммед Хасан әл-Джугайфи операция кезінде өлтірілді», — делінген құжатта.
Лаңкестердің біріншісі Багдадтың солтүстігіндегі топ мүшелері арасында басшылығының нұсқауларын таратқаны, ал екіншісінің, атап айтқанда, қару-жарақтартың сатып алынуы мен тасымалдануы үшін жауап бергені атап өтілді.