НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр. Бүгін Египеттің қауіпсіздік күштері кенеттен жасалған соққы барысында Ораза мейрамы кезінде лаңкестік шабуыл жасауды жоспарлаған 21 лаңкесті жойды. Бұл туралы Египеттің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады .
Египет Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес қауіпсіздік күштері екі фермада жасырынған лаңкестерге оқ жаудырып, 21-ін жойып, 17 пулемет пен көп мөлшердегі жарылғыш құрылғыларды тәркіледі. Операция кезінде екі полиция қызметкері жарақат алды.
Сонымен қатар, мәлімдемеде лаңкестердің бұл тобы 24 мамырда басталатын Ораза мерекесіне орай демалыс күндері лаңкестік шабуыл жасауды жоспарлағаны түсіндірілді. Бұл қауіпсіздік күштерінің лаңкестікке қарсы сәтті операциясы болды деп хабарланды.