НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр. Индонезия полициясы Пәкістан мен Йеменнен келген екі шетелдік азаматтан 821 кг метамфетамин тәркіледі, деп Kompas агенттігіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.
«Контрабанда Бантен провинциясының жағалаудағы аудандардың біріне екі апта бұрын түсе бастаған», — деді Ұлттық полицияның қылмыстық тергеу агенттігінің басшысы Сигит Прабово.
Күдіктілердің екеуіне де есірткіге қатысты 2009 жылғы № 35 Заңның 132, 114 және 112-баптары бойынша айып тағылған. Олар өмір бойы бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасына кесіледі.