НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр. Конго Демократиялық Республикасының солтүстік-шығысында осы аптада 50-ден астам адам шабуылдар сериясының құрбаны болды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап жазады.
Ақпаратқа сәйкес, осы аптада «Демократиялық күштердің альянсы» радикалды исламшыл тобының содырлары Итури провинциясында бірнеше шабуыл жасады.
Бейбіт тұрғындарды қорғау үшін ауданға қосымша әскери бөлімдер жіберілді.