Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нигерияда ауылдарға жасалған шабуылдардан шамамен 70 адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр. Нигерияның солтүстік-батыс бөлігінде бірқатар қарулы шабуылдар салдарынан қаза тапқандардың шамамен 70-ке жуық мәйіті бүгін бауырлас қабірге жерлеу үшін дайындалды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Нигерияның солтүстігінде Сокото штатындағы Сабон-Бирнин-Гобир қаласынан үш шақырым жерде орналасқан Гарки, Дан-Адува, Кузари, Катума және Масава ауылдарына мотоцикл мінген бірнеше жүз адамнан құрылған қарулы топ шабуыл жасаған. Шабуыл сәрсенбі, 27 мамыр күні болған.

Сокото штатының губернаторы Амину Тамбувал шабуыл болғанын растады.

«Оқиғаның мұндай дамуы қапа қылады.Мен өзім және штаттың қауіпсіздік құрылымы сейсенбі күні ғана осы аймаққа барып, жергілікті қоғамдастық басшыларымен және басқа да беделді тұлғалармен осындай қайғылы  оқиғалардың жолын кесу жолы туралы нәтижелі пікірталастар өткіздім», — деп мәлімдеді А. Тамбувал.

Қарулы адамдар дәстүрлі күнделікті кездесуге жиналған ауыл тұрғындарына оқ жаудырды деп жергілікті дереккөздер хабарлады. Аты-жөнін атамауды сұраған қауіпсіздік қызметінің жоғары лауазымды тұлғасы қатысушылардың көпшілігі ауыр жарақат алғанын айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *