Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстан астанасында жергілікті телеарна автобусының жарылысы салдарынан 2 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр. Ауғанстан астанасы Кабулда жергілікті телеарнаның автобусы жол бойындағы фугасқа  жарылды, салдарынан журналист пен жүргізуші қаза тапты, тағы төрт адам жарақат алды. Бұл ақпаратты елдің ішкі істер министрлігі растады, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі .

«Жол бойындағы мина жергілікті уақыт бойынша сағат 16: 05-те қаланың төртінші полиция ауданында жарылды. Жарылыстан кейін зардап шеккендер мен қазаа болғандардың денелері ауруханаға жеткізілді», — деді Ауғанстан ІІМ ресми өкілінің орынбасары Марва Амини.

«Жеке Khurshid телеарнасының қызметкерлерін тасымалдайтын шағын автобусы  жарылды, тергеу жүріп жатыр », — деп қосты Амини.

Ресми емес дереккөздің хабарлауынша, оқиға салдарынан алты адам зардап шекті, олардың екеуі ауыр жарақат алды.

Хабарларға қарағанда, «Талибан» содырлары (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) бұл оқиғаға қатысы жоқтығын мәлімдеді.

Соңғы жылдары бес миллионға жуық халқы бар Ауғанстанның астанасы көптеген лаңкестік шабуылдарға ұшырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *