АЛМАТЫ, 01 маусым. Алматыда Тәжікстан азаматы есірткі сатып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық ПД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, героин сатқан 46 жастағы ер адам полицияның күдігіне бірден ілінген.
Құқық қорғаушылар оның соңынан аңдып отырып келесі дозаны сатқан кезінде қолға түсірген.
«Айнабұлақ» ықшамауданында жерлестерімен бірге тұратын 49 жастағы Тәжікстан азаматы негізгі жеткізуші болды. Ол «тауарды» дозада және граммен буып сатқан. Күдіктіні «Лада» көлігінде ұстаған кезде орындықтың астынан қоңырқай түсті зат салынған пластик орам табылды. Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, жинақталған заттың жалпы салмағы 109,06 грамм болатын героин екені анықталды. Оның пәтерін тінту кезінде салмағы 24,64 грамм тағы екі пакет табылды», — деді полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Күдіктілер Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша заң алдында жауап береді. Сондай-ақ бұл үйде көші-қон заңнамасын өрескел бұзған тағы үш Тәжікстан азаматы ұсталды», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Ерлан Алмағамбетов.