НҰР-СҰЛТАН, 01 маусым.Түркия лаңкестікпен байланыста болды деп айыпталған Финляндияның 12 азаматын депортациялады. Бұл туралы жексенбі күні Түркия Ішкі істер министрлігі хабарлады, деп Синьхуа агенттігі жазады.
Мекеме мәлімдемесінде көрсетілген содырлардың депортациясы елдің «шетелдік лаңкестердің қуылуы» бойынша күш-жігердің бөлігі болып табылады.
Еуропаның бірқатар елдері Түркияның «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) мүшелерін депортациялау әрекеттеріне қарсылық білдіргеніне қарамастан, Анкара бұл күш-жігерді алға бастырады, делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда Түркия ИМ кемінде 7,5 мың содырын депортациялады.