Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Джебхат ан-Нусра» содырлары Сирияның үш провинциясындағы елді мекендерге оқ жаудырды

НҰР-СҰЛТАН, 03 маусым. «Джебхат ан-Нусра» лаңкестік тобы Сирияның үш провинциясындағы елді мекендерге оқ жаудырды, — деп Сириядағы соғысушы тараптарды татуластыру жөніндегі Ресей орталығының жетекшісі контр-адмиралы Александр Щербицкийге сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.

«Джебхат ан-Нусра» лаңкестік ұйымының (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым)  позициясынан «Мелладж ауылында, Идлиб провинциясындағы Кафер-Мус ауылында, Алеппо провинциясындағы Кабтан әл-Джабель ауылында, Латакия провинциясындағы Келлаз ауылында атыс тіркелді», — деді Щербицкий.

Ресей әскери полиция бөлімшелері Алеппо провинциясы мен Хасек провинциясындағы бірнеше бағыт бойынша күзетуді жалғастырды.

«Әскери авиация күштері Метрас аэродромы — Швейхан — Айн Иса — Мишрака — Бир-Кантари — Бир-Хамид-Эль-Али — Квайрес — Метрас аэродромы маршруты бойында әуе патрулін жүргіздэі», — деп қосты Щербицкий.

Сириядағы қарулы қақтығыс 2011 жылдан бері жалғасып келеді. 2017 жылдың соңында Сирия мен Ирактағы ИМ лаңкестік тобын (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) жеңіп шыққаны туралы жарияланды. Елдің кейбір аудандарында содырлардан арылту жалғасуда. Қазіргі уақытта саяси реттеу, Сирияны қалпына келтіру және босқындардың оралуы бірінші орында тұр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *