Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Атырау облысында деструктивті діни ағымдардың өкілдерінен тұратын қылмыстық топ жойылды

АТЫРАУ, 05 маусым. 2020 жылғы 3 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті жүргізілген арнайы операция нәтижесінде спорттық орта мен ықтимал деструктивті діни ағымдардың өкілдерінен тұратын адамдар тобының құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды. 

Қылмыстық топқа қатысушылардың өңір кәсіпкерлерінен ақшалай қаражатты қорқытып алуға, қарыздарды «өндіруге» және дене жарақаттарын келтіруге қатысы бар.

Нәтижесінде топтың 5 белсенді мүшесі ұсталды, олардың кейбіреуі «ұрылар» идеологиясын ұстанып, трансұлттық қоғамдастықтардың көмекшілерімен байланыс ұстаған.

Фигуранттардың тұрғылықты жерлері бойынша тінту барысында үш бірлік әртүрлі қару түрлері мен оларға оқ-дәрілер табылып, алынды.

Ұсталған үш адам уақытша ұстау изоляторына қамалып, бұлтартпау шарасын таңдау жөнінде мәселе шешілуде. Екеуінен қорғауға құқығы бар куәгер ретінде жауап алынды.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *