Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркістан облысының тұрғынынан көкнәр тәріздес 4730 түп есірткі өсімдігі тәркіленді

ТҮРКІСТАН, 08 маусым. Түркістан облысының полицейлері 4,7 мыңнан астам түп көкнәр тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Келес аудандық полиция бөлімшесінің полиция қызметкерлері Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, заңсыз есірткі еккен күдіктіні құрықтады. Анықталғандай, егде жастағы ер адам өз ауласында құрамында есірткісі бар өсімдік түптерін ірі мөлшерде өсірген.

Келес ауданы тұрғынының үйін тінту кезінде жедел уәкілдер көкнәр тәріздес 4730 түп есірткі өсімдігін тәркіледі. Сараптамаға сәйкес, құрамында есірткі бар көкнәр түптерінің жалпы салмағы 205 кг-нан асты, ал кептірілген көкнәрдің салмағы 12,5 кг-ға жуықтады.

Аталған жайт Келес АПБ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігі (құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күдіктінің құрамында есірткісі бар өсімдіктерді не себеппен өсіріп, сақтағанын анықтап жатыр. Түркістан облысының полицейлері аталған баптың санкциялары үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастыратынын ескертеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *