Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҰҚК қызметкерлері Павлодарда есірткі зертханасы қызметінің жолын кесті

ПАВЛОДАР, 08 маусым. ҚР ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті жедел-іздестіру іс-шараларының барысында құрамында есірткі зат бар өсімдіктерді «гидропоника» әдісімен заңсыз егіп-өсіруге қатысы бар Павлодар қ. тұрғынын ұстады, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды. 

Атап айтқанда, 2020 жылғы 25 мамырда есірткі зертханасының тиісті жабдығымен жабдықталған жалға алынған гаражды тінту барысында «голландтық» және «мексикалық» элиталық сорттарының 28 түбі (нарықтық құны шамамен 14 млн. теңге), сондай-ақ сату үшін дайындалған есірткі өнімі табылды.

Осы факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» деген
297-бабының 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді.

Алынған заттар бойынша сот-химиялық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *